Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатын болуға" құмар әртістерді жақтаған Уәлибектің өзі сынға қалды

Опубликовано:

Қазақы салт-дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова әртіс азаматтардың әйел рөлін сомдауға құмартып бара жатқанын айтып, "Шаншар" театрын сынға алған еді.

Осы сыннан соң "Шаншар"театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов та өз уәжін алға тартты.

«Әртіс өз өмірін ойнамайды. Осы нәрсені түсіну керек. Ерлер арасында да сахнаға шығып, әйел рөлін сомдаймын деп өз-өзін мазақ қылғандар бар. Сол себептен сынаған уақытта, жалпылама айтпай, шеберлігіне мән берсек. Ал ер адамның барлығы әйел болып ойнауды тоқтатыңдар деп айтуға болмайды. Ол жанрдың заңында жоқ нәрсе», - деді Уәлибек өзіне қарата айтылған сынға.

Осыдан кейін, әлеуметтік желіде Уәлибектің бұл әрекетін ұят санайтын оқырмандар да көбейді.

«Анасын, әжесін мазақтап, тиын тапқанына қуанады...», «Ол еркектің шамасы әйелге ғана жеткеннің көрінісі. Қолдарынан келсе, депутат мен шенеуніктерді нысанаға алмай ма?»  - дейді ғаламтор қолданушылары.

Араларында  әртістердің еркек екеніне күмәнмен қарайтындары да табылды.

«Сол қатын болып ойнап жүргендердің еркектігіне күмәнім бар. Үйінде қатыны еркек ролінде ойнайтын шығар», - деп жазған қолданушылардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1074781-qatyn-bolugha-qumar-artisterdi-zhaqtagh/

pixel