Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да ауласындағы түлкіні өлтірген тұрғын құтырып кеткен

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысында жас баланы ит қауып алды деп хабарлайды batysnews.kz.

Абырой болғанда, дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында адам денсаулығына айтарлықтай зиян келмеген. Оқиға Бөрілі ауданында тіркелген. Ата-анасы баланы ауруханаға жедел жеткізіп, ем қабылдаған. Соның арқасында вирус ағзаға тарап үлгермей тұрып, қатердің көзі жойылған.

Ал ветеринарлардың бақылауына алынған ит вирустың ушығуынан 10 күннен соң өліп қалған. Айта кетейік, бұл жалғыз факті емес. Бөрлі ауданында 2 жануардың құтыруға шалдыққаны анықталыпты. Оның бірі- жабайы түлкі екен. Үй ауласына қорықпастан еніп, айбат шеккен хайуанды тұрғындардың бірі ұрып өлтірген.

Жүргізілген сараптамадан соң оның да құтырғаны анықталып, қауіпсіздік шарасы қолданылған. Сала мамандары осындай жағдайларға куәгер болып немесе зардап шеккен жағдайда жедел ақ халаттылар мен ветеринарларға хабар беру қажетін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1069408-bqo-da-aulasyndaghy-tulkini-oltirgen-t/

pixel