Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аша Матай "16 қыз" фильмінің түсірілімі кезінде Берік Айтжановпен сүйісу қиынға соққанын айтты

Опубликовано:

Танымал әнші әрі актриса Аша Матай өзі басты рөлде ойнаған "16 қыз" фильмі туралы сұхбат беріп, түсірілім барысындағы қызықты оқиғалармен бөлісті.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

"Онда біз Бауыржанмен махаббатты (сүйісу көрінісі) көрсетеміз. Маған осы сәт қиынға соқты. Себебі мен Берікті (Айтжанов) тек әріптес және үлкен кісі ретінде қабылдаймын. Біз кинофестиваль немесе басқа жерлерде кездесіп, әріптес болып жүрдік.  Киноға түсу бұйырыпты. Сонымен, соңында жақындасып сүйісу көрінісі жөнінде мен Қанағатпен сөйлесіп, мұнымыз ұят болады дедім. Ал, режиссер сендер бір- бірлеріңе жақындаған сияқты болыңдар, мен сол сәтті басқа қырынан түсіріп аламын деді. Киноны көрсем шынайы шығыпты ғой. Кейбір көрермендер жаман ойлап қалуы мүмкін, бірақ бәрі олар ойлағандай емес» – деді Аша Матай (күліп).

Актрисадан фильмді түсіру барысындағы қызықты сәттеді де ұмыт қалдырған жоқ.

"Қызықты сәттер көп болды. Біз Шарынға барған кезде өте суық еді. Сонда, біздің (Берік Айтжанов екеуі) машинаның үстінде әңгімелесіп, самса жейтін сәтіміз бар. Самсамыз қатып қалып, мен сол жерде 15 самса жеген болармын. Күн батып бара жатыр, біз күнге қараймыз. Сондықтан режиссер тез-тез жеңдер, тезірек түсірейік дейді. Мен қақалып, түсірілімнен кейін құсып алдым", - дейді актриса.

Картинада басты рөлдерді Берік Айтжанов, Аша Матай және Әнуар Нұрпейісов ойнайды. Режиссердың айтуынша, өнер иелері актерлік шеберлігі, мүмкіндіктері мен біліміне қарай таңдап алған. Тіпті, сценарий солардың кәсіби қабілеттеріне қарай жазылыпты.

Режиссер Қанағат Мұстафиннің «16 қыз» романтикалық комедиясы 3 наурыз күні үлкен экранға шығады. Төрт жыл сценарийі жазылған картинаны түсіруге және монтаждауға екі жыл уақыт кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1060832-asha-matay-16-qyz-filmininh-tusirilimi-k/

pixel