Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдіктер Марсты Қазақстаннан "тапты"

Опубликовано:

Жердің Марсқа ұқсас мекендерін іздеген шетелдіктердің назары Қазақстанның шығысында орналасқан Қиын-Керіш шатқалына түсті деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.

Голливудтың «Марсианин» фильмінен кейін көптеген әлемдік интернет-ресурстар Жердегі Марсқа ұқсас мекендердің тізімін құрады. Барлық тізімде Қазақстанның Қиын-Керіш шатқалы көш басында тұр. Осы жылы Қазақстанға шатқалдың көріністеріне тәнті болған 100-ге жуық шетелдік турист келмек.

Айта кетерлігі, иорданиялық Вади Рам шөлінде «Марсианин» фильмін түсіргендер, кадрларды компьютерде қызылға бояп отырған. Ал Қиын-Керіш шатқалына ондай «бояудың» еш қажеті жоқ. Ол қызыл батпағы көп болғандықтан, онсыз да керемет көрінеді.

Қиын-Керіштің ең басты қазынасы - әр геологиялық дәуірлер із қалдырған түрлі-түсті қатпарлары, шөгінділері мен бедерлері. Геологтар бұл жерді табиғат ескерткіші деп санауда.

Бұл өңірде көне заманның жануарларының сүйектері табылып жатады. Ерте заманда мұнда джунгли болатын, сол себепті палеонтологтар бұл аймақтан мүйізтұмсықтар мен қолтырауындардың сүйектерін кезіктіреді.

Орналасқан жері - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының орталығы Күршімнен оңтүстікке қарай (Күршім-Қалжыр жолы бойымен) - 120 шақырым, Зайсан көлі мен Аманат ауылы тұсынан солтүстікке қарай - 25-28 шақырым.

Алан Исаевтың материалынан аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1060335-sheteldikter-marsty-qazaqstannan-tap/

pixel