Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мұғалім төрт баланы бүкіл сыныптың көзінше сабаған (видео)

Опубликовано:

Алматыда мектеп мұғалімі төрт баланы қатар тақта алдында сабаған. Оқиғаны оқушылардың бірі бейнекамераға түсіріп алған. Жария болған бейнеролик интернет пайдаланушыларының наразылығын тудырды.

Бейнероликте көрініп тұрғандай, мұғалім төрт оқушыны қатар тізіп қойып, шапалақтың астына алған. Бір оқушыны шашынан ұстап тұрып, басын тақтаға әлденеше рет ұрған.

Ғаламтор пайдаланушыларының айтуынша, келеңсіз жағдай Түрксіб ауданындағы 198 мектепте болған.

Әзірге құқық қорғау органдары аталған оқиғаға байланысты түсініктеме бермеді. Қалалық білім басқармасымен байланысу мүмкін болмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/971618-almatyda-mughalim-tort-balany-bukil-sy/

pixel