Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртасқа оқырмандары орысша сөйлеп үйренуге кеңес берді

Опубликовано:

Қайрат Нұртас Instagram-дағы парақшасында өз оқырмандарына Астанада жаңа кроссфит-орталықтың ашылғанын қуана жеткізген еді. Алайда әртістің бұл жаңалығын тыңдармандары қуана қабылдай қоймады.

Бір кездері «мен Қазақстанда қазақ тілінде сөйлемегенде, қайда сөйлеймін?» деп мәлімдеме жасаған әнші жазбасын осы жолы орыс тілінде жариялаған.

«В Астане открылся новый Кроссфит центр. Всем рекомендую» деп жазған Қайрат Нұртастың бұл әрекетін оқырмандары алғашында түсінбей қалған.

«Охооо, Қайрош, орысша жазып, енді сөйлеп те үйренгейсің», - дейді Айнұр есімді ғаламтор қолданушысы.

«Орысша жазатын болыпсыз ғой», «Орысша қашаннан бері» деп жалғасқан жанкүйерлер пікірі.

Соған қарағанда желі қолданушыларына сүйікті әншілерінің бұл әрекеті ұнамай қалған секілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1042604-qayrat-nurtasqa-oqyrmandary-oryssha-s/

pixel