Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жедел-тергеу тобы Жомарт Ертаевты құрықтауға тырысты

Опубликовано:

Алматыда мекемеаралық жедел-тергеу тобы экс-банкир әрі "Алма-ТВ" ЖШС-нің бас директоры Жомарт Ертаевты құрықтамақ болған. Алайда Ертаев дер кезінде ізін суытқан.

"Ертаевты Алматыда құрықтамақ болды. Оның кеңсесіне (Алма ТВ кеңсесіне — ҚазТАГ) мекемеаралық жедел-тергеу тобынан қызметкерлер келді. Бірақ оны кеңседе таба алмады. Белгілі болғандай, кеңсе күзетшілері Ертаевты бұл туралы хабардар етіп қойған. Ертаев бірден қосымша есіктен шығып, қашып кетті. Мекемеаралық жедел-тергеу тобының қызметкерлері экс-банкирді Альянс банкке қатысты істі тергеу барысында анықталған тың ақпараттардың негізінде құрықтамақ болған", — деп мәлімдеді құқық қорғау органдарындағы дереккөз сейсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.

Еске салсақ, 2013 жылы Альянс банк қаржы полициясына банктің бұрынғы топ-менеджерлерін тергеу өтінішімен жүгінген болатын. Олар топ-менеджерлер қарыз алушы Ертаевқа банкке тиімсіз шарттар негізінде қайтарымсыз әрі кепілсіз несие берген деген шағым түсірген.

2014 жылдың тамызында Ертаев Альянс банктегі шағымдарды тоқтату мақсатында банкке басты несиенің пайыздары мен қарызын жабу үшін $2 млн қайтарған. Ертаевта 3 мерзімі өткен кепілсіз әрі заңсыз несие болған.

43 жастағы Жомарт Ертаев 2002-2007 жылдар аралығында "Альянс Банк" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған; кейін  "БТА Банк" АҚ басқарма төрағасы қызметінде болды (Украина); "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) басқарма төрағасы қызметін де атқарған. 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін Bank RBK АҚ директорлар кеңесінің консультанты қызметін атқаруда. Сонымен қатар 2011 жылдан бүгінгі күнге дейін Еуразиялық қаржы консалтингісінің орталығын басқарады.

2014 жылдың 10 қарашасынан "Алма-ТВ" ЖШС бас директоры қызметін атқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/805438-almatyda-zhedel-tergeu-toby-zhomart-ert/

pixel