Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында батыр Қабанбайдың басына шығып отырғандар халықтың ашуын келтірді (видео)

Опубликовано:

Талдықорғанда Хан батыр - Қабанбай батыр ескерткішінің үстіне екі азаматтың шығып алғаны, ғаламтор беттеріне жарияланған сәттен бастап, қызу талқыға түсті. Олар тіпті батырдың басына дейін бірақ шыққан деп хабарлайды 31 арна.

Сондықтан, ел қорғаны болған ердің ескерткішін ойынға айналдырғандардың ісін көпшілік сөгіп жатыр.

Бейнежазба ғаламтор бетіне шыққан сәттен бастап-ақ, көпшіліктің қызу талқысына түскен. Атқа мінген Қабанбай батыр ескерткішінің үстіне шыққан екі азаматтың әрекетін жақтаушылардан гөрі, даттаушылар көп. Мінгендері аздай, мазақ қылғандай дауыстап күліп, суретке түскен  екеудің ісін әнші Қанат Құдайбергенов те құптамайды.  Айтуынша, әруақты тұлғаны келемеждеу тек  рухани деңгейі төмен адамдардан ғана шығады.

"Сонау шапқыншылық кезінде, елімізді қорғаған, бүкіл халық құрметтеген батырымыз ғой. Енді соған деген кішкене бір сый, құрмет деген болу керек. Әлде үй ішінде тәрбие алмаған  немесе патриоттық сезімі жоқ жастардың қылығы сияқты", - дейді әнші Қанат Құдайбергенов.

Ал, ескерткіштің маңында жиі серуендеп жүретін қала тұрғыны, зейнеткер Тынысбек атаның да айтар өз ой бар. Сөзінше, бұл бірінші жағдай емес. Тіпті, ескерту жасаған балалардың ата-аналары қорғап шығады, дейді.

"Өте жиі болады. Жаздай осында жүремін. Барлығы тәрбиеден", - дейді қала тұрғыны Тынысбек ата.

Құзырлы орган өкілдері, өз тараптарынан тиісті шараларды жүргізуді бастаған. Қала ортасындағы ескерткішке мініп, бұзақылыққа барғандарды жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр дейді.

"Қылмыстық кодекстің 293 бабының 2 бөлімі бойынша бұзақылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бейнебақылаулар кірген, барлық жазбалар қазіргі уақытта алынды. Олар тексеріліп жатыр", - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Дарын Арыстанбеков.

Ескерткіштің үстіне шығып, ойнақтаған дардай азаматтардың аты-жөні анықталғаннан соң, олар заң алдында жауапқа тартылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/744510-almaty-oblysynda-qabanbay-batyrdynh-b/

pixel