Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқтау мен Қамшы: Келіннің бетін немен ашқан дұрыс?

Опубликовано:

Еліміздің оңтүстік өңірінде жаңа түскен келіннің бетін оқтау байланған орамалмен ашса, Батыс Қазақстанда қамшымен ашады. Қазақстанның әр өңірі беташарды өзгеше өткізуінде қандай сыр бар? Неліктен қамшы немесе оқтау таңдалады? Қазақтың күнде көріп жүргенімен, аса мән бермейтін ырымының астары жайлы NUR.KZ жазады.

Фото:kerekinfo.kz
Фото:kerekinfo.kz: Instagram

Еліміздің оңтүстік өңірінде жаңа түскен келіннің беташарында оқтаудың ұшына ақ немесе қызыл орамал байлайды.

Оқтауға орамал байлаудың мағынасы - жас келін үй шаруасына пысық, берік болсын дегенді білдіреді. Оқтаудың екінші басын жаңа түскен келіншектің үйленбеген қайнысы ұстап тұрған. Беташардан соң оқтауды енесі келінге аманаттаған.

Ал ақ жаулықты жолы ашық, қадамы оң болсын деп байласа, қызыл орамалды жас келінді тіл-көзден сақтау мақсатында жапқан.

Фото:satu.kz
Фото:satu.kz: Instagram
Қазақстанның Батыс өңірлерінде (Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе) қамшының басына бірнеше орамал жалғанады. Қамшыны 5-6 жастағы ер балалардың біріне ұстатады.

Келіннің бетін ашқан адам кейін қамшыны үйленген жігітке ұстатады. Бұл "Үйіңде қамшы ұстайтын ұл дүниеге келсін" деген ырыммен жасалады.

Фото:almaty.salexy.kz
Фото:almaty.salexy.kz: Instagram

Еліміздің солтүстігінде жаңа түскен келіншектің қолтығынан абысындары сүйемейді. Олар жаулық орнына жабылған матаның төрт ұшынан ұстап тұрады. Сәлем салатын уақыт жеткенде орамалдың ұшын көтереді.

Айта кетейік, "беташар" рәсімі өткеннен кейін келіннің келген қонақтарға шай құюы басталады. Бұл салтты "келін шай" деп атайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775918-oktau-men-kamsy-kelinni-betin-nemen-askan-drys/

pixel