Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүкті әйелдер қыс мезгілінде қандай киім киюі керек екенін білесіз бе?

Опубликовано:

Қыс уақытында кез келген ару сәнді әрі әдемі киінгісі келеді. Бұл жайттың аяғы ауыр келіншектерге де толықтай қатысы бар. Алайда, қақаған аязда олар үшін образ таңдау анағұрлым қиынырақ. Себебі, болашақ аналар үшін сәнді болумен қатар, киімнің жылы болғаны да аса маңызды. Олай болса, жүкті әйелдерге қандай киім қолайлы болатынын бірге анықтап көрелік деп жазады KAZ.NUR.KZ. segodnya.ua сайтына сілтеме жасап.

Фото: pixabay
Фото: pixabay: Facebook
  • Жүктіліктің бастапқы кезеңінде қыста қандай киім таңдаған жөн?

Қыста үйде отырып алмай, жиі таза ауада серуендеп тұру - аяғы ауыр әйелдер үшін аса пайдалы. Бұл кезеңде бастысы – қолайлы әрі жылы киім-кешек.

Егер жүктілік қыс мезгілінде бастау алса, онда киім таңдауда жылу мен қауіпсіздікке үлкен мән берген жөн. Басты ереже - ыңғайлы, жылы әрі тайғанамайтын аяқ киім.

Айта кетерлігі, қыс уақытында жүкті келіншектердің киімі барынша табиғи болғаны абзал. Жүннен, кашемир, ангор және вельвет маталарынан болғаны дұрыс. Оған қоса, синтетикалық киімдерден аулақ болу керек. Олардың кесірінен адам терісі мүлде демалмайды.

  • Жүктіліктің соңғы кезеңі қыс уақытына келсе

Егер қыс уақытына қарай ішіңіз домаланып қалған болса, онда бұл мезгілде өз гардеробыңызды жаңартқаныңыз жөн. Жеңіл әрі кең пальто немесе бір-екі мөлшерге үлкен крутка таңдаңыз.

Себебі, жүктіліктің соңында сіздің дене пішіміңіз айтарлықтай өзгеріп кетуі әбден мүмкін. Қысқа аяқты толығымен жауып тұратын ұзын куртка алу керек. Өйткені, жүктіліктің бұл кезеңінде суық тигізіп алмау керек.

Фото: pixabay
Фото: pixabay: Facebook

Тоқылған жылы трикотаж көйлектер осы қыстың нағыз тренді атанды. Оның арқасында жүкті әйелдің дене бітімі одан бетер ерекшелене түспек.

Оған қоса, тоқылған кең киім кез келген шалбар түрімен үйлесе бермек. Неғұрлым ұзын киім алу керек. Себебі, іш өскен сайын, киім де қысқара бастайтыны мәлім.

Сонымен қатар, жүкті келіншектер қысқы уақытта бас киім, шарф және қолғап киюге міндетті. Бір рет бас киімсіз далаға шығып келу сіз үшін үлкен қиындық туғызуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1775825-zkti-jelder-kys-mezgilinde-kandaj-kiim-kiui-kerek-ekenin-bilesiz-be/

pixel