Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үлкен өкініші бар": Айқын Төлепбергеннің орындалмай қалған арманы қандай?

Опубликовано:

Танымал экстрасенс Айқын Төлепбергеннің отбасы тағы бір сәбимен толығатынын болжады. Оның сөзінше, екінші рет отбасылы болған әншінің жүрегінде үлкен өкініш бар көрінеді. Бұл туралы "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Отбасыларынан сәбидің иісі шығып тұр. Алдағы уақытта жанұялары тағы да толығады. Сонымен қатар, бұл кісінің Алла тағаламен байланысы өте мықты. Сұрап та алады, жылап та алады. Айқынның жүрегі өте кең. Жүрекке әмір жүрмейді дейді ғой. Бұл кісіде әмір жүре береді.
Айқын Төлепбергеннің бала күнгі арманы мүлде басқа. Ол соған әлі де жетемін деген арпалыстың үстінде жүр. Бірақ жүрегінде үлкен бір өкініш бар" , - дейді экстрасенс.

Желі оқырмандары бірден шоу-бизнес жұлдызы не үшін өкініп жүргеніне қатысты ойын ортаға салып, қызу талқыға салды.

Айта кетейік, бұған дейін экстрасенс Ерке Есмаханның болашағына да болжам жасап, оның бақытын табатынын мәлім еткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Айқын Төлепбергеннің әндерін біздің "Музыка Нур"қосымшасынан тыңдай аласыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1774205-lken-kinisi-bar-ajkyn-tlepbergenni-oryndalmaj-kalgan-armany-kandaj/

pixel