Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш рет инсульт алды": Бағлан Әбдірайымов анасының қазіргі жағдайын айтып берді

Опубликовано:

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов анасының денсаулығы жайлы айтып берді. Әнші үш рет инсульт алған анасының аяққа тұрып кетуіне ұзақ уақыт керек екенін баяндады деп хабарлайды juldyz.kz.

Бағлан Әбдірайымов анасының ауырып жатқаны жайлы Instagram парақшасында жариялаған болатын.

"Анам қазір үйде. Бір тәуліктің төрт сағаты ояу, қалған уақытта ұйықтайды. Алматыдағы ауруханалардың бірінде оңалту отасын жасады. Қазір басында сары су бар. Сол басын қысып, өз-өзіне толық келе алмай жатыр. Аяқ-қолдары аса қатты қимылдамайды. Тек жатады. Өзіміз жаттығуларын жасатып, әңгімеге тартып, көңілін аулаймыз.
Мамандардың айтуынша, көп уақыт керек. Бәріне шыдаймыз. Үш инсульт алды. Осындай сынақтан аман өткеніне шүкір деп отырмын", - деді әнші.

Айта кетейік, Бағлан Әбдірайымов комаға түскен анасы туралы жазбасы жазып, елді жылатқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1772701-s-ret-insult-aldy-baglan-bdirajymov-anasyny-kazirgi-zagdajyn-ajtyp-berdi/

pixel