Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұқсаймыз": Атышулы Байзақова төсін жалаңаштаған аруға өз ақыл-кеңесін айтты

Опубликовано:

Желіде ашық суреттерімен танылған Айжан Байзақова бүгінгі күні ел арасында қызу талқыланып жатқан Шырын Нарчаеваның оқиғасы жайлы не ойлайтынын айтты. Атышулы ару төсін жалаңаштаған қызға өзінің ақыл-кеңесін айтқан деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Байзақова өзінің Instagram парақшасында сәукеле киіп, төсін жалаңаштаған қызға жазба арнаған. Танымал блогер көпшіліктің сынына қалған Шырынға қатысты пікір білдіріп, оған бұл жағдайда не істеу керектігін ашып айтты.

"Бүгін біз ұлттық киімде жалаңаштанған қызды талқыладық. Оның парақшасы жөнінде пікір білдірмеймін. Біздің контентіміз өте ұқсас.
Бұрынғы кездерім есіме түсіп кетті. Мен сіздерге айтарым, егер ол дұрыс қыз болса, ол да мен іспетті қалай болғанда да өз өмірі үшін алаңдайды. Жындылар ғана қорықпайды демекші.
Әрине, менде маған бәрібір деп айтқан болатынмын. Алайда, үнемі жан-жағыма жалтақтап жүретінмін. Себебі, өмірде неше түрлі адамдар бар. Бұл қыз маған жазылған, оқиды деген үміттемін. Арыздар, боғауыз сөз үшін айыппұлдар, желіде ақыл айтушылар оның барлығы түк те емес.
Алайда, қала ішінде небір ауру адамдар бар. Оларға сен "бұл менің өмірім, араласпа" деп түсіндіре де алмайсың. Олар сені тыңдамайды да, ол кезде өзіңді Инстаграмнан тыс қорғап қала алуың керек.
Ашық суреттеріңді сала бер, бірақ ұлттық бас киімдерді тиіспей-ақ қойғаның жөн. Себебі, оны жалаңаш денеңе кигенің шынымен біреулердің ашуына тиюі мүмкін." , - деп жазды Байзақова.

Айта кетейік, бұған дейін сәукеле киіп, шешінген қазақ қызы халықтың ашуын тудырған болатын. Өзіне айтылған керағар пікірлер салдарынан ару қоқан-лоққыға тап болып, желіге жылаған видеосын жүктеді.

Уақыт өте, бойжеткен көптің күткен "кешірім видеосын" жүктеп, елді одан бетер ашуландырды. Ол бейнежазба басында елден кешірім сұрағандай болып, артынан әзілдеп тұрғанын айтты. Желідегілер арудың өзін мазақ қылып отырғанын жазып, оған ауыр сөздерді қарша боратқан.

Олардың бірі отандық журналист Бибігүл Дәулетбекқызы атышулы аруды елден қууды талап етіп, Ішкі істер министріліг мен Бас прокурорға үндеу жолдады.

Оның үндеуіне отандық әнші Асхат Тарғын мен Айқын Төлепберген қосылды. Оған, қоса аруға шүйліккен Шымкент азаматы оның үстінен арыз жазды.

Шырын Нарчаева өз кезегінде, өзін елдн қууды талап еткен журналиске әлеуметтік желі арқылы жауап берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1771196-ksajmyz-atysuly-bajzakova-tsin-zalaastagan-aruga-z-akyl-keesin-ajtty/

pixel