Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Немересін домбыра шертіп ұйықтатқан Қайрат Нұртастың әкесі көпшілікті сүйсінтті

Опубликовано:

Қайрат Нұртастың әкесі немересін домбыра шертіп ұйықтататыны белгілі болды. Оған желіде тарап кеткен видеожазба дәлел болмақ деп жазады NUR.KZ.

Фото: скриншот, Коллаж: NUR.KZ
Фото: скриншот, Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Аталмыш бейнероликте Нұртас Айдарбековтің немересін домбыра күйімен тербетіп жатқаны көрініс тапты. Атасы мен немересінің аса ерекше сәтін ұялы телефонға келіні жасырын түрде түсіріп алған.

Желіге таралған видео көпшілік жүрегін елжіретіп, оқырмандардың жылы лебізіне ие болған. Желідегілер ерекше көрініске тәнті болып, одан алған әсерін жасыра алмай қалды.

"Әдемі машаАлла, қандай керемет көрініс", "Атасы сияқты әнші болсын", "Күшті, атасына бес деген баға беремін", "Жақсы екен домбыра күйімен ұйықтатып жатқаны" , "Киелі аспап үнімен тербеткені сондай тамаша" , - деп жазуда көпшілік.

Оқырмандар арасында Нұртас Айдарбековты сынағандар да табылған. Олар жұлдызды отбасының отағасы келінінің төсегіне отырып алғаны үшін шүйліккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1770547-nemeresin-dombyra-sertip-jyktatkan-kajrat-nrtasty-kesi-kpsilikti-sjsintti/

pixel