Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәукеле киіп, шешінген қазақ қызы жұрттың ызасын тудырды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде осыған дейін қазақтың ұлттық әшекейлерін тағып, төсін жалаңаштаған ару енді басына сәукеле киюді жөн көріпті. Қоғам талқысына түссе де, еш ұялмайтынын айтқан бойжеткеннің видеосы өз Instagram парақшасында жарияланған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр Instagram/ forwarddemon
Фото: Видеодан кадр Instagram/ forwarddemon: Instagram

Біресе орамал тағып, біресе төсін көрсетпек болған Шырын Нарчаева аз уақыттың ішінде желі жұлдызына айналған еді. Ұлттық әшекейлерді тағып, тәнін жалаңаштаған ару, тіпті, телебағдарламаларға да шақырылып, біраз сынның астында қалған.

Алайда халықтың ой-пікірі 18 жастағы Шырын Нарчаеваны алаңдатпаған көрінеді. Себебі, әлеуметтік желіге тараған кезекті видеода төсі жалаңаш арудың сәукеле киіп алған екен.

Ол, тіпті, видеосының астына "Тәуелсіздік күні құтты болсын" , -деп жазған.

Бұл бейнежазбаны көрген желі қолданушылары бойжеткенді аяусыз сынап тастаған. Олар "Ұят" , "Ұлттық киімді қорлау ғой", "Мұның бәрі хайп үшін ғой" , "Әттең", "Аллам кешірсін" ,- деп жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1768928-sukele-kiip-sesingen-kazak-kyzy-zrtty-yzasyn-tudyrdy/

pixel