Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Менің әнімсіз өтпейді: Әбдіжаппар өзін "той әншісі" дегендерге жауап берді

Опубликовано:

Отандық белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожа өзін "той әншісі" дейтін көпшілікке өкпелеп қалды. Отандық әнші өзінің ұяттан аттап кетпегінін айтып, әндерінің сапалы екенін алға тартты деп хабарлайды "Астана" арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әнші өзінің желідегі парақшасына "той әншісісің" деп пікір қалдыратындардың сөзі көңіліне тиетінін жасырмады.

"Қазақтың тойы қазір менің әнімсіз өтпейді. Пікірлерге қарасам, "сен тойдың әншісісің" дейді. Ол менің көңілімді қалдырады. Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады. Әншілерді алалап, бөлмеу керек еді.

"Әбдіжаппар қазір тойды бермей жүрген әнші ғой", "Тойларда хит қой" деп айтып жатады. Оған бір жағынан қуанамын.

Тойдың әншісі дей берсін. Бірақ менің әнім сапалы ғой. Өзім үшін сапалы", - дейді Әбдіжаппар Әлқожа.

Сондай-ақ, ол өзінің досы Нұрболат Абдуллиннің "ұятсыз" клипіне қатысты өз пікірін білдірді.

"Нұрболаттың клипін шыққан соң бір-ақ көрдік. Қате дүние жоқ, жақсы ғой. Енді әңгіме болсын деп, сәл ғана иісін шығарып қойған. Өзінің бір ұстанымы бар шығар", - деп қысқа қайырды Әбдіжаппар.

Естеріңізде болса, Әбдіжаппар Әлқожа өзін жүлдесіз қалдырған "Жыл таңдауы" байқауына өкпесін жеткізген болатын.

Сондай-ақ әнші бір той маусымында 20 млн теңге табыс тапқанын айтып, жұртты таңғалдырды.

Әбдіжаппар Әлқожаның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1767710-meni-nimsiz-tpejdi-bdizappar-zin-toj-nsisi-degenderge-zauap-berdi/

pixel